Ұлттық арна директоры Асқар Әшім мен продюсер Әлімжан Сабыржанұлына естелік медальдар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна директоры Асқар Әшім мен продюсер Әлімжан Сабыржанұлына естелік медальдар табысталды

25.12.2017

Ұлттық автономияның 100 жылдығын даңғыра қылып той ретінде емес, мазмұнды түрде атап өту көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл туралы Алаш арыстарын ұрпақ жадында жаңғыртуға үлес қосқан азаматтарды марапаттау кезінде «Ақ жол» партиясының жетекшісі айтты. Мәселен, «Qazaqstan» телеарнасы осы бағытта деректі және көркем фильмдер түсірген еді. Сол үшін ұлттық арнаның директоры Асқар Әшім мен продюсері Әлімжан Сабыржанұлына естелік медальдары табысталды. Тағы бірқатар азамат «Парасат» және «Құрмет» орденін тақты. 

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

 - Бейжіңде әлемдік саяси партиялар көшбасшыларының форумы болып өтті. 120 елден 60-тан асқан делегат қатысқан дүбірлі жиында біз өз баяндамамызда Алашты Орталық Азияның ішіндегі алғашқы саяси партия және 20-шы ғасырдың ұлттық автономиясы ретінде көрсеттік. Мен оны айтып отырған себебім, жалпы, Алаш идеяларын ел ішінде ғана емес сыртта да таратудың жолдарын қарастырғанымыз жөн сияқты.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу