Көктайғаққа байланысты 3 облыста жолдар жабылды
Ауа райының күрт құбылып, көктайғаққа байланысты үш облысқа қатынайтын автожолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» мекемесінің мамандары хабарлады. Айталық, Қарағанды облысында кеше түнгі сағат 21:30-дан бастап автокөліктің барлық түрі бойынша барлық бағытқа қозғалыс шектелді. Ал, Павлодар облысында түнгі 12-ден бері жолдар жабық. Сондай-ақ, Ақмола облысында да 24 желтоқсан сағат 23.00-ден бастап автокөліктің барлық түрлері бойынша Екатеринбург-Алматы тасжолында қозғалыс шектелген.
Ал, «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауып, тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болады және жел күшейеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нинбо қаласының мәдени және туристік әлеуеті таныстырылды
11.11.2026, 10:08
Үшжақты келіссөз бүгін де жалғасады
11.11.2026, 10:07
Қазақстан климаттық инвестиция тарту жөніндегі платформаны іске қосты
11.11.2026, 10:06
Елдің бірқатар өңірінде қар, тұман және көктайғақ болады
11.11.2026, 10:05
Шымкентте нөсер жауын тұрғындарды әбігерге салды
11.11.2026, 10:04
Алматыда нөсер жауыннан көшелерді су басты
11.11.2026, 10:03
Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды
11.11.2026, 10:01
Президент Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды
11.11.2026, 10:00