Атырау облысының Бесікті кентінде 700 келі темір ұрлағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының Бесікті кентінде 700 келі темір ұрлағандар ұсталды

22.12.2017

Мемлекеттік белгісі 414 нөмірлі автокөлік иесі мен «Газель» жүргізушісі бірлесіп, ауыр металды жеке мақсатта пайдаланбақ болған. Алайда, қарақшы топ алысқа ұзай алмады. «Батыс-99» жол-патрульдік бекетінің полицейлері мен «Ураган -1» тобының қызметкерлері 3 адамды ұрлық үстінде қолға түсірді. 

Байбек Шотаев, учаскелік полиция инспекторы:

- Жүргізуші жалдамалы түрде келгендігі, қасындағы 2 азамат бұрын сотты болғандығы анықталды. Қазіргі уақытта осы азаматтар №2 қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына анықтау мақсатында жеткізілді.

Хабарламаларға жазылу