ҚР Кубогі үшін Атырауда өтіп жатқан жарыста Қызылорда облысының құрамасы командалық есепте жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Кубогі үшін Атырауда өтіп жатқан жарыста Қызылорда облысының құрамасы командалық есепте жеңімпаз атанды

14.09.2015
ҚР Кубогі үшін Атырауда өтіп жатқан жарыста Қызылорда облысының құрамасы командалық есепте жеңімпаз атанды

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қызылордалық палуандар алғашқы белдесулерінде Павлодар және Атырау облысының спортшыларынан басым түссе, жартылай сында Қостанай спортшыларын және финалда Жамбыл облысының жігіттерін ұтып, өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді.

Команданың алға шығуына Қармақшы ауданының спортшылары Бауыржан Райсов (55 келі), Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Ғалым Әбдірахманов (74 келі), Мақсат Исақабылов (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі), Марат Баймаханов (+100 келі), байқоңырлық Дархан Сержанов (60 келі), жаңақорғандық Бағдәулет Төлегенов (82 келі), және жалағаштық Жайдарбай Есеновтер (82 келі)  үлес қосты.

Екінші орынды — Жамбыл облысы, үшінші орынды — Атырау облысы және Астана қаласының командалары иеленді.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 16 команда қатысуда. Бүгін жерлестеріміз жекелей сында бақтарын сынайды.


 
 

Хабарламаларға жазылу