«Еркін сөз» шығармашылық байқауында «Парасат майданы» хабары жүлдеге ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еркін сөз» шығармашылық байқауында «Парасат майданы» хабары жүлдеге ие болды

11.12.2017

Салтанатты кеште «Үздік телесюжет», «Үздік мақала», «Үздік радиохабар», «Үздік сайт мақаласы», «Үздік фоторепортаж» және «Үздік шығармашылық топ» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды. Әр жұма сайын Ұлттық арна эфирінен шығатын «Парасат майданы» хабары ұжымының еңбегін қазылар жоғары бағалады. Сөйтіп, олар «Үздік шығармашылық топ» аталымының жеңімпазы атанды. Жалпы, «Түркітілдес журналистер қоры» өткізген бұл байқауда елдің егемендік жылдарындағы қаржы саласындағы жетістіктері мен өзекті мәселелеріне арналған тақырыптар кеңінен қамтылды.

Абай Аймағамбет, «Үздік мақала» номинациясының жеңімпазы: 

- Шын жүректен қуаныштымын. Алдағы уақытта да енді сол сенімнен шығуға осы экономикалық, қаржы тақырыптарында тереңдете зерттеуге уәде беремін. Экономикалық тақырыпты негіз етіп алған. Бұл өте қолдауға тұрарлық. Өйткені, бізде әлі де болса кенже қалып келе жатқан тақырып қой.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу