Анжелика Бабакова республикалық «Абай оқулары» байқауында жеңіске жетті

20.10.2014
Анжелика Бабакова республикалық «Абай оқулары» байқауында жеңіске жетті

Павлодарлық Анжелика Бабакова Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында өзге ұлт жастары арасында өткен «Абай оқулары» республикалық байқауында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аталмыш шараға республиканың 14 облысынан, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларынан келген өзге ұлт өкілдері бақтарын сынады. Республикалық байқауға Павлодар облысының үміткері, Баянауыл ауданының тумасы Анжелика Бабакова қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Қазақ тілін еркін меңгерген, Абайдың қара сөздері мен әндерін үлкен сахнада орындаған Анжелика қазылар алқасының құрмет-қөшеметіне ие болды.

Хабарламаларға жазылу