Қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев Нью-Йорктегі музыкалық байқауда жеңіске жетті

01.06.2016
Қазақстандық скрипкашы Ержан Құлыбаев Нью-Йорктегі музыкалық байқауда жеңіске жетті

31 мамырда Нью-Йоркте бірінші  Манхэттен музыкалық байқауы аяқталды. Онда біздің жерлесіміз Ержан Құлыбаев басты сыйлықтардың бірін алды.

Байқау «Фортепиано», «Вокал» және «Ішекті аспаптар» аталымдары бойынша өтті. Қатысушылар видеожазбалар жіберген. Байқаудағы қазылар алқасының төрағасы  атақты пианиношы Иво Погорелич болды.

«Ішекті аспаптар» аталымында бас жүлдеге отандасымыз, скрипкашы Ержан Құлыбаев ие болды.

«Нью-Йоркте бірінші  Манхэттен музыкалық байқауында бірінші сыйлыққа ие болдым!», - деп жазды артист Фейсбуктегі парақшасында.

Ержан Құлыбаев -  Буэнос-Айрес, Лиссабон, Берлин, Новосібір және Екатеринбургтегі халықаралық байқаулардың алты бірінші сыйлығының иегері.  Познаньдағы Генрик Венявский атындағы скрипкашылар байқауының лауреаты.

Хабарламаларға жазылу