Цифрландырудың жемісі интернетке байланысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрландырудың жемісі интернетке байланысты

07.12.2017

«Цифрландыру жүйесі жүйелі жұмыс істеуі үшін Қазақстанның барлық ауыл-аймағын ғаламтормен қамтамасыз ету керек». Бүгін Астанада өткен интернет форумында вице-премьер Асқар Жұмағалиев осылай деді. Оның сөзінше, бүгінде Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша 33 орында тұр. Яғни, онлайн құжаттарды алу мен тіркеу қызметін пайдаланатындардың саны күннен күнге артып келеді. Вице-премьер алдағы уақытта халыққа қағазбастылықсыз қызметтерді қолдану қолжетімді болатынын да жеткізді. Жалпы, форумды ұйымдастырушы - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы. Шара Ақпарат және байланыс министрлігінің қолдауымен өтті

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Осындай кездесулердің арқасында цифрландыруды дамыта аламыз. Осы жоба аясында адами капиталды күшейтеміз. Инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Жалпы, цифрлы экономиканың жемісі – интернетке тікелей байланысты.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу