Бүлік кезінде темір жолға залал келмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүлік кезінде темір жолға залал келмеді

08.01.2022

Бүлік кезінде темір жолға залал келмеді. Бұл туралы «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады. Бірақ пойыз қозғалысы толық жанданған жоқ, вагондардың іші жолаушыларға лық толы. Осыған байланысты ұлттық компания басшылығы қосымша пойыздарды іске қосты. Сонымен қатар күні кеше жолаушылар интернетке қосылмай-ақ билеттерді ресми сайттан және «kaspi.kz» қосымшасы арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл вокзал кассалары алдындағы ұзын-сонар кезектің алдын алды. Bilet.railways.kz сайты арқылы билеттердің бар-жоғы туралы да білуге болады.

Хабарламаларға жазылу