Бағдат Мусин елдегі интернеттің шектелуіне түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдат Мусин елдегі интернеттің шектелуіне түсініктеме берді

08.01.2022

Елдегі төтенше жағдайға байланысты интернет шектелгені белгілі. Себебі, бұзақылар өздерінің бүлікке үндеген істерін үйлестіруге байланыс құралдарын да пайдаланып жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Қазір Ұлттық банкпен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен бірге кейбір ресурстарға интернетке тәулік бойы тәуелсіз механизм ойластырылған. Бұл, әсіресе, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жасалған шара. Қазір Kaspi мен HomeBank қосымшалары қол жетімді. Өзге де банктердің төлем сервистерін қосу жұмыстары жүріп жатыр, деді министр. Яғни, интернет істемесе де, бұл банктер қызметіне онлайн жүгіне аласыз.   

Хабарламаларға жазылу