Жекешелендірудің жемісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекешелендірудің жемісі

19.08.2014
Жекешелендірудің жемісі

Ақмола облысы Зеренді ауданында «Береке» атауымен жұмыс істеп тұрған сауда үйі бар. Бұл  ғимаратты  Тәуелсіздік алған жылдары Бақытжан Бектұрғанова жекешелендірген болатын.  Уақыт өте келе жекешелендірілген  нысан  өзінің  де, өзгенің  де пайдасына   жарады.

Бұл сауда  үйінің қазіргі сәулетіне қарап, кезінде тоз-тозы шыққан ғимарат болған деуге сену қиын. Алайда, шындығы сол Кеңес үкіметі кезінде дүркіреп тұрған әмбебап дүкен Тәуелсіздік жылдары жабылып қалады.

Елбасының ел экономикасын көтеру мақсатындағы жекешелендіру саясатын пайдаланып, Бақытжан Бектұрғанова күйреген нысанды қайта қалпына келтірді.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу