Алматының Медеу ауданындағы қауіпті аймаққа тірек қабырға қаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының Медеу ауданындағы қауіпті аймаққа тірек қабырға қаланды

05.12.2017

Алматыдағы Медеу ауданының тұрғындарын талай жылдан бері мазалаған мәселе оң шешімін тапты. Осы аудандағы 89 үй жардың астында орналасқан. Сондықтан, жергілікті жұрт үшін бұл аймақ қатер тудырған еді. Енді баспаналарға төнген қауіп жоқ. Үш айдың ішінде сол жердің айналасына тірек қабырға қаланды. Оның құрылысына аудан бюджетінен 480 миллион теңге бөлінген. Іргенің ұзындығы 580 метр. Жалпы, осы Таиров көшесінде жүзден аса бұлақ бар. Жаңбыр не қар жауғанда көпшілік үрейден үйлерін тастап безетін. Өйткені, жауын-шашын кезінде лай көшкіні жүріп, халықты әбігерге салады. 

Ержан Жылқыбаев, Медеу ауданының әкімі:

- Жүз елуден астам тұрғын тұрады. Соның 40 үйі осы қауіпті жағдайда тұрды. Бұл 2-3 жылдан бері халық көтеріп жүрген мәселе. Енді тұрғындар қауіпсіз, алаңсыз ұйықтайды деп ойлаймыз. Бұл жерде геологиялық зерттеу жүрді. Техникалық бақылау, авторлық бақылау барлығы қарап шықты.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу