Шу ауданында Жеңіс мемориалы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шу ауданында Жеңіс мемориалы ашылады

21.10.2014
Шу ауданында Жеңіс мемориалы ашылады

 

Жеңістің 70 жылдығына дайындық аясында аудан орталығы - Төле би ауылында соғыста қаза болып, із-түзсіз жоғалған Шу ауданы тұрғындарын еске алу мемориалы кешенінің негізі қаланды.

Сонымен бірге, Шу қаласында Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіров көшесінде оның құрметіне арнап ескерткіш орнату жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Сәду Шәкіров 1922 жылы Жамбыл облысының Талас ауданында туған. 1943 жылы Орталық майданның 65-әскерінің құрамында қатардағы С.Шәкіров алғашқылардың бірі болып Гомель облысының Лоев елді мекенінің маңында Днепр арқылы жау бекінісінің тірек пунктіне барып, қызыл туды орнатқан.

Әскери ерліктері үшін лейтенант Шәкіровке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1946 жылы ол әскер қатарынан босатылған соң Шу ауданының Достық кеңшарына оралып, сол жерде жұмыс істеді.

Хабарламаларға жазылу