Алматының Медеу ауданында сел жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының Медеу ауданында сел жүрді

08.04.2021

 Алматының Медеу ауданында сел жүріп, тұрғындарға қауіп төнді.

Бұл видеоны жергілікті тұрғын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Ол осының салдарынан 3 адамның төменге қарай құлап кеткенін айтып, жауаптылардан көмек сұраған. Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, жолдың 30 метрден астам бөлігі опырылып түскен. Қазір аумақ арнайы лентамен қоршалып, белгі орнатылған. Тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешім қабылданған соң, жөндеу жұмыстары жүргізіледі деді олар.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу