Алматыда жалған нөмірлі көлік жүргізушісі ұсталды
Алматыда Абай даңғылының бойында орналасқан тұрғын үй кешенінде жалған нөмірлі көлік табылды. Ең қызығы, автокөлік иесі Біріккен Ұлттар ұйымының үлгісіндегі жалған нөмірді жапсырып алған. Қазір осы іске байланысты тергеу жүріп жатыр. Ал, құзырлы орган қызметкерлерінің сөзінше, бұл нөмірлер Қазақстанда емес, тіпті әлемде кездеспейді. Тек азаматтың мұндай қадамға не үшін барғандығы белгісіз. Бірақ, ол қылмысын толық мойындап отыр.
Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:
- 1973 жылы туылған автокөлік иесіне Әкімшілік кодекстің екі бірдей бабы бойынша 70,000-ға жуық айыппұл салынды. «Toyota Land Cruiser» маркалы көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 11:41
«Пайым, қоғам, мінез»
27.09.2026, 20:45
Жылыту маусымына дайындық қалай?
27.09.2026, 20:30
«Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13