Атырауда жарты тоннадан астам бағалы балық тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жарты тоннадан астам бағалы балық тәркіленді

27.06.2022

Атырауда бағалы бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдағандардың жолы кесілді.

Оқиға қала іргесіндегі Дамбы ауылының маңында болды. Инспекторлар теңіз бағытынан келе жатқан қос моторлы ямаха-200 қайығын тоқтады. Алайда су көлігіндегілер талапқа бағынбай қаша жөнеледі. Кейін ауыл маңына тоқтап ізін суытып үлгереді. Қайықтан қапқа бөлініп салынған 534 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Полиция 3 браконьерді іздеп жатыр. Қазір тергеп, тексеру жүргізілуде.

Осыған ұқсас жағдай Дамбы ауылында мамыр айында да болды. Ол кезде құрудың аз-ақ алдында тұрған 67 келі бағалы балық түрі тәркіленген.


Хабарламаларға жазылу