Қарағанды облысында қысқы спартакиада өтті
Қарағанды облысындағы Қарқаралының таулы табиғаты аясында қысқы спартакиада өтті. Хоккей, шаңғымен сырғанау, арқан тарту және балық аулаудан болған жарыстарға салауатты өмір салтын ұстауға талпынған жастармен қатар, алдыңғы буын өкілдері де қатысты.
Көп ішінен озық шыққандар ақшалай сыйлыққа ие болды. Осымен 2-ші жыл ұйымдастырылған спартакиада биыл Сочидегі саңлақтарымызды қолдауға арналды.
Думан Бейсенәлин - шаңғымен сырғанаудан эстафеталық және жекелей сындарда жасөспірімдер және ересектер арасындағы облыстық жарыстардың жүлдегері. Қарқаралыда өткізілетін қысқы спартакидада 5 шақырымдық қашықтыққа жүгіруде осымен екінші мәрте жеңіске жетіп отыр.
Думан Бейсенәлин, жас спортшы:
Әрдайым осылай спортқа зейін қойылса, жастардың ынтасы артады, деп ойлаймын. Елімізде спорт жақсы дамып жатыр.
Шанамен сырғанау, арқан тарту сынды көңіл көтеру сайыстары өткізілді. Жергілікті өнерпаздар концерт қойып, көпшілікке ыстық шай мен бауырсақ ұсынылды.
Әлиасқар Әбеуов, зейнеткер:
Өз бойын күтіп ұстап, спортпен шұғылданатын адам ұзақ өмір сүреді. Балаларға, айналамдағы адамдарға өнеге болсын деп, бес шақырымға шаңғымен жүгірдім.
Соңғы кездері Қарқаралыда қысқы спорт түрлері жақсы дамып келеді. Таулы аймақ оған сұранып-ақ тұр. Әсем табиғатты тамашалап келуші туристер жыл санап көбейе түсуде.
Халел Мақсұтов, Қарқаралы ауданының әкімі:
Біздің ауданда 40 мың тұрғын болса, соның 10 мыңы 70-тен аса спорттық кешендерде шұғылданады. Спартакиада Сочида өткізіліп жатқан Олимпиададағы Денис Теннің жеңісіне тұспа-тұс келді. Бүкіл елдің жеңісі есебінде, спортшыларымызға арналған шара болды.
Ал, балық аулаудан өткен жарысқа ерсектер мен қатар балалар да қатысты. Ең жас балықшы небәрі төрт жаста.
«Жалпы, осындай шараларды жиі өткізу жастарды жаман әдеттен сақтандырады, болашақ чемпиондарды тәрбиелеп шығарады», дейді үлкендер.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05
Қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген 500-ге жуық азаматқа шара қолданылды
18.07.2026, 20:05
Сайлаудың ашық өтуі мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіреді
18.07.2026, 20:05
Бельгиялықтар асырап алған қазақ қызы туыстарымен қауышты
18.07.2026, 20:04