Алматыда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

06.11.2017

Алматыда қалалық прокуратура жанында құқық қорғау қызметтері орталығы іске қосылды. Бұдан былай мекеме халықтың арызын қабылдап, жедел түрде жәрдемдеседі. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, заңсыз әрекеттерді болдырмауға атсалысады.

Оның ашылу рәсіміне Бас прокурор Жақып Асанов пен қала әкімі Бауыржан Байбек және құзырлы органдардың қызметкерлері қатысты. Жалпы, мұнда барлық азаматқа құқықтық қызмет көрсету - тегін. Ең бастысы, білікті прокурор, адвокат, медиатор, психологтар қызмет көрсетеді. Орталықта барлық жағдай жасалған. Заманауи инженерлік-техникалық қондырғылар, электронды кезек күту жүйесі әрі «ConectionPoint» өз-өзіне қызмет көрсету секторы бар. Бұл - еліміздегі 5-ші дербес орын. 

Cағатбек Сүлеймен, ҚР Бас прокуратурасы құқық қорғау қызметтері орталығының басшысы:

- Бір айдан астам уақытта 7 прокурор 1848 адамды қабылдады. Бұл дегеніміз Бас прокуратураның 350-ден астам қызметкерінің былтыр жыл бойы қабылдаған адам санынан екі есеге келеді. Ал, үш айлық кезеңге келер болсақ, алты есеге көп. Орталыққа келушілер көп. Олардың қызмет түрлеріне сұраныс та көп.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу