Астанада бала құқығын қорғау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бала құқығын қорғау орталығы ашылды

15.06.2017

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында балалар мен жастарға арналған қоғамдық қабылдау орталығы ашылды. Оның басты мақсаты - балалардың құқықтарын қорғау және өскелең ұрпаққа кеңес беру. Орталықта жастардың өміріне қатысты түрлі өзекті мәселелер талқыланып, нақты шешімдер қабылданбақшы. Қиындыққа тап болған кез келген бала 111 нөміріне хабарласып, өзін мазалаған түйткілді сұрақтарға жауап ала алады. Қоғамдық қабылдау орталығындағы арнайы мамандар отбасында туындаған тұрмыстық мәселелердің шешімін табуға көмектеспек.             

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу