36 полицей арнайы дайындықтан өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

36 полицей арнайы дайындықтан өтуде

03.02.2017
Қарулы қақтығыстар, лаңкестік шабуылдар әлемді әбігерге салып тұрғанын естіп те, көріп те жүрміз. Ал, сондай жағдайда жүк әуелі құқық қорғау органдарына, полицейлердің иығына түседі. Бұл ретте кез келген полицей әртүрлі жағдайда өз міндетін қатесіз, қалтқысыз атқаруы қажет. Ал, жаттығусыз, тәжірибесіз мұны орындау оңай емес, әлбетте. Сол себепті, елімізде арнайы дайындық орталығы ашылды. Қазір онда алғашқы 36 полицей оқу-жаттығудан өтуде.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу