ОҚО-да жоғалған азамат әлі табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да жоғалған азамат әлі табылмады

24.10.2017

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Текеқамал таулы аймағына қыдыруға шыққан 26 жастағы азаматтан әлі күнге дерек жоқ. Әзірге белгілі болғаны қазанның 20 күні Сайрам ауданында тұратын 4 жігіт тауға саяхатқа шыққан. Қайтар жолда олар екіге бөлініп, үшеуі өзге соқпақпен, ал, іздестіріліп жатқан азамат жалғыз өзі басқа жолмен кеткен. Алайда, жолдастары одан сол күйі көз жазып қалады. Қазір төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті полиция мен еріктілерді қосқанда 70-ке тарта адам 7 техниканың көмегімен іздеуде. Үш күн ішінде олар сол төңіректегі  барлық шатқалдар мен өзен жағалауларын түгелдей шарлап шыққан. Іздеу жұмыстары тағы бір аптаға созылмақ.  

Ғазиз Тұрғанов, Төтенше жағдайлар қызметі департаментінің бас маманы:

- Аймақ таулы, қолайсыз. Күзгі ауа райы. Желдің соғуы өте қатты болғандықтан, квадрокоптер көтерілмеді. Қазір жедел құтқару жасағының иісшіл иттерімен де іздестіру жұмысы жүріп жатыр. Сол жерде 1 отряд жұмыс істеп жатыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу