Жамбыл облысындағы жарылыстан жарақат алған 11 адам үйлеріне шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы жарылыстан жарақат алған 11 адам үйлеріне шығарылды

02.09.2021

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери базадағы жарылыс кезінде жоғалған әскери қызметкер әлі табылмады. Апат аумағында саперлар мен құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Ал, ауруханада жатқан 28 адамның 11-і үйлеріне шығарылды. Бұған дейін жансақтау бөлімінде екі адамның жатқанын хабарлаған болатынбыз. Оның бірі кеше Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Оның денесінің 50 пайызын күйік шалған. Ал, денесінің 85 пайызы күйіп қалған екінші науқас тасымалдауға келмейтін болғандықтан жергілікті дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы түзеліп үйіне қайтарылған азаматтардың бірі Рустам Ертаевтың аяғы сынған.


Хабарламаларға жазылу