Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі табылмады

23.02.2021

Байқоңырда із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім әлі табылмады. Бүгін үшінші тәулік. Жеті жасар баланы Қазақстан мен Ресейдің күштік құрылымдары бірлесіп іздеп жатыр. Мұнан бөлек, волонтерлар да көмек қолын созып, қала аумағын сүзіп жүр.

Жалпы баланы іздестіруге 29 техника мен бір тікұшақ жұмылдырылған. Сырдария өзенінде сүңгуірлер де жұмыс істеп жатыр. Әзірге іздестіру нәтиже бермей тұр.

Еске салайық, 21-ақпанда байқоңырлық екі жасөспірім жаттығудан шығып, үйіне оралмаған болатын. Өкінішке қарай, бірінің мүрдесі дарияның жағасынан табылды. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу