Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізіп, ұлттық валюта бағамының өзгеруінің себептері туралы әңгімелеп берді.
Бас банкирдің сөзінше, құнсыздану қайталанбайды. Бағаны қорғауға бағытталған барлық қаржылық құралдар жеткілікті. Сондықтан да, тағы да девальвация болады, деген ақпараттар шындыққа жанаспайды.
Ұлттық банк төрағасы «2013-2014 жылдары АҚШ федералдық резервтік жүйесінде тиісті өзгерістер болып, ел экономикасын қолдау бағдарламалары қысқартылды», дейді. Бұл шаралар өз кезегінде әлем бойынша дамушы елдердің экономикаларына әсерін тигізді.
Ұлттық банк әлемнің 24 елінің 22 валютасын бақылап, олардың әлсірегенін анықтаған. Келімбетовтың сөзінше Қазақстан жаһандық қаржы жүйесінің бір бөлігі болғандықтан, аталған экономикалық тербелістерді сезінбеуі мүмкін емес.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Біз жаңа жаһандық жағдайдағы экономикалық саясатымызды саналы түрде ұғынуымыз керек. Яғни, барлық дамушы нарықтардың валюта бағамдары әлсіреп жатыр. Біздің негізгі сауда әріптестеріміз - Қытай, Ресей және Еуропа нарығы да құбылмалы болып тұр. Олардағы жағдай бізге әсер етпей қоймайды. Сондықтан, валюта бағасына өзгеріс енгізу керек, деген шешімге келдік.
Дулат АБИБУЛЛАЕ