Петропавлда бірқатар нысанадарға әлі жылу берілмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда бірқатар нысанадарға әлі жылу берілмеді

10.10.2017

Петропавл қаласының кейбір аудандарына әлі де жылу берілмеді. Көпқабатты үйлерді айтпағанда, балабақша да жылусыз қалып отыр. Осыған байланысты, облыс әкімі Құмар Ақсақалов жылу берілді деп  жалған ақпарат берген орынбасары Антон Федяев пен қала әкімі Марат Тасмағанбетовке сөгіс жариялады. Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына да қатаң ескерту берілді. Қазір жылу берілмеген үйлерде ыстық су да жоқ. Ал, 300 орынға шақталған балабақшада өткен аптадан бері жылу жоқ.  

Раиса Борисова, балабақша директоры:

- Жылу жоқ, балабақша суық. Алғашында жылу берілген. Бірақ, 4 күндей болды, ажыратып тастады.Өзіміз жылытып отырмыз. Балалардың көбісі жоқ. Мұндай жағдай бұрын-соңды  болған жоқ. Біз әкімдіктегілерге, басшыларға жазбаша түрде де, ауызша да өтінішті жеткізудеміз. Жылу берсе екен. Балалар жаурап жүр.

- Александр Митенко, тұрғын:

- Жылу жоқ. Үй суық. Екі аптадай болды ыстық суды да ағытып тастады. Қашан қосатындарын білмеймін. Бетон үйлер ғой, жылытқышты сәл ағытсақ болды, бірден салқындап кетеді.

   

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу