Петропавлдағы ЖЭО-да апат салдарын жою үшін төтенше жағдай жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы ЖЭО-да апат салдарын жою үшін төтенше жағдай жарияланады

09.07.2022

Петропавлда наурыз айында болған 2-ші жылу электр орталығындағы апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланбақ.

Естеріңізге сала кетсек, 20 наурыз күні жылу орталығының алып мұржаларының бірі опырылып түскен болатын. Үйіндінің астында қалған жұмысшы қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, орталық директоры мен бас инженері қамауға алынды. Тергеу әлі жалғасуда. Құлаған мұржаның үйінділері 1300 шаршы метрге дейін шашылып кеткен. Кәсіпорын қондырығларының 70 пайызы тозған. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалалық әкімдік төтенше жағдай енгізу арқылы апат салдарын жою шараларын жеделдетуді көздейді.

 Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:

Ішкі процедуралар бар, оларды айналып өте алмайды.  Төтенше жағдай енгізу керек. Құлаған кезде енгізілген жоқ.


Хабарламаларға жазылу