Қостанай облысының Веселый Подол ауылында күн сәулесінен қуат алатын қондырғы орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Веселый Подол ауылында күн сәулесінен қуат алатын қондырғы орнатылды

02.10.2017

Баламалы энергия көзі Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған ескерткішті жарықтандырады. Оны іске қосу сәті, жергілікті тұрғындар үшін ерекше оқиға болды. Себебі, бұл ауыл жастарының көтерген  бастамасы. Олар өз жобаларын  байқауға ұсынып, 100 мың теңге ұтып алған. Бұл қаржыға қажетті құрал-жабдықтар  сатып алынды. 

Ал, қондырғыны құрастырып, орнату жұмыстарын ауыл жастары өз күштерімен атқарған. Мұндай идеяның туындауына «ЭКСПО» көрмесі түрткі болған.    

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу