Күн энергиясын теміржол тасымалына пайдалану алғаш рет Қазақстанда қолға алынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күн энергиясын теміржол тасымалына пайдалану алғаш рет Қазақстанда қолға алынбақ

08.11.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарығаш ауданында Күн сәулесінен қуат өндіретін ірі станцияның іргетасы қаланды. Ол сағатына 20 мегаватт қуат өндіруге қауқарлы. Жобаның басты ерекшелігі - станцияда өндірілген ток негізінен теміржолда пайдаланылады. Күн сәулесінен өндірілген энергияны теміржол тасымалына пайдалану әлемде алғаш рет қолға алынып отыр. Станция жеке инвестордың қаржысына салынады. Оған 14 миллиард теңге жұмсалмақ. Жоба қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаржыландыру үшін банктермен келісімдер жасалу үстінде. «Жылға» Күн станциясы Қазақстанда жасалған 77 мыңнан астам фотовольттық модульдермен жабдықталады. Құрылыс жарты жылдың ішінде толығымен аяқталғалы отыр. Инвесторлар жобаны жүзеге асыру идеясына «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі түрткі болғанын айтады.

Асқат Бекенов, фотовольттық модуль шығару компаниясының өкілі:

- «Жылға» елімізде шығарылған фотовольттық модульдермен жабдықталған алғашқы станция болғалы тұр. Бұл әрине, елімізде баламалы қуат өндіру үшін озық технологиялардың жүзеге аса бастағанын көрсетеді. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу