Күн мен желден қуат алатын қондырғы шалғай ауылдарға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күн мен желден қуат алатын қондырғы шалғай ауылдарға жетті

15.09.2014
Күн мен желден қуат алатын қондырғы шалғай ауылдарға жетті

Маңғыстау облысының шалғайдағы ауылына жел мен Күн сәулесінен электр қуатын алатын қондырғы орнатыла бастады. Шалғайдағы шаруалардың ең өткір мәселесі - қуат көзі еді.

Шетпе кентінің іргесіндегі шаруа қожалығы заманауи техниканың тиімділігін көріп отыр.

Төрт түліктің басын құрап, ата кәсіпті жаңғыртқан малшылар дербес электр жүйесі желдің ең төменгі жылдамдығында да іске қосылатынына қуанышты.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу