«G-Global» - әлемдік байланыс алаңы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«G-Global» - әлемдік байланыс алаңы

06.02.2014
«G-Global» - әлемдік байланыс алаңы
Елбасының ұсынысымен   құрылған  «G-Global»  жобасы бүгінгі таңда әлем мойындаған халықаралық  байланыс  алаңына  айналды. Оның ең басты тақырыбы   - әлемдік дағдарыстан шығу  жолдары болуы төрткүл дүниені қызықтырып отыр.
 
Содан болар, осы  тақырыптың айналасында  әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және өзге де  бағыттар бойынша туындаған сауалдар қызу талқылануда. 
 
Ақпарат алмасу алаңына 190 елдің  3 миллионнан астам  өкілі қатысуда. Олардың арасында белгілі ғалымдар, саясаткерлер мен сарапшылар, Нобель сыйлығының иегерлері де бар. 
 
Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік университетке келген сенатор Серік Нөгербеков жастарға осы әлемдік байланыс алаңының маңыздылығын түсіндірді әрі Елбасының өркениетке бастайтын тың жобасын қолдауға шақырды.
 
Серік Нөгербеков, Парламент Сенатының депутаты:
10 мыңдай   баяндама, ғылыми жобалар түсіп жатыр. 210 онлайн-конференция өтті. Өткен жылы дағдарысқа қарсы Бүкіләлемдік конференцияда Астана Декларациясын қабылдадық. Әлемдік дағдарыстан шығуға байланысты жоспардың 16 бағытын қабылдадық. Сол 16  бағытты ғылыми толтыру «G-Global»-да жүріп жатыр.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу