Астанада «Жасыл көпір – Озық тәжірибелер мен инновациялар үшін әріптестік алаңы» атты халықаралық жиын өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жасыл көпір – Озық тәжірибелер мен инновациялар үшін әріптестік алаңы» атты халықаралық жиын өтеді

09.11.2015
Астанада «Жасыл көпір – Озық тәжірибелер мен инновациялар үшін әріптестік алаңы» атты  халықаралық жиын өтеді
Конференцияның мақсаты – «жасыл» технологияларды дамыту, пікір алмасып, озық жобаларды таныстыру.

Бұл туралы «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-GLOBAL-ды дамыту орталығының басқарма төрайымы Салтанат Рахымбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, шараға Армения, Грузия, Беларусь, Германия, Финляндия, Эстония елдерінің өкілдері шақырылып отыр.

Конференция аясында арнайы Хартияға қол қойылмақ. Сондай-ақ, басқосуда «Жасыл көпір» бағдарламасының мән-маңызы талқыланады.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу