Ауылдарға кеңжолақты интернет тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдарға кеңжолақты интернет тартылады

26.09.2017

Алдағы уақытта алыс ауылдарға кеңжолақты интернет қызметі жетеді. Бұл дегеніңіз, жылдамдығы жоғары сапалы интернетпен барлық елді мекен түгел қамтылады деген сөз. Бұл жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 2018-2020 жылдар аралығында жүзеге асады. Жоба мақсаты - интернетті тек ауылға жеткізу емес, сондағы барлық әлеуметтік нысандарды да толық қамту көзделген. Мектеп, денсаулық сақтау орындары онлайн режимдегі жұмысқа ауысады. Яғни, қағазбастылықты азайтуға үлкен септігін тигізбек.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу