Ауылдарға су құбырлары тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдарға су құбырлары тартылады

11.11.2021

Еліміздің 4 өңірінде ауыз су әлі тапшы. Олар - Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облысының ауыл аймақтары. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, барлығы елімізде 6316 ауыл бар. Оның 3991-і орталықтандырылған су құбырына қосылған. Биыл «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында тағы 1129 ауылға су тазартатын жүйелер орнатылады.

«Биыл әсіресе тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жұмыстар атқарылады. Бұл мәселедегі маңызды фактор топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізу» - дейді вице-министр.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай халықты сапалы ауыз сумен қамту ісін 100 процент қамтамасыз етуді тапсырған еді.


Хабарламаларға жазылу