1249 ауылға жылдам интернет тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1249 ауылға жылдам интернет тартылады

04.10.2018

Еліміздің 1200-ден астам ауылына кең жолақты интернет тартылады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен бірнеше ірі компания осы ауқымды жобаны іске асыру жайлы келісімге қол қойды. Шалғайда орналасқан елді мекендеріне жоғары жылдамдықтағы ғаламторды қамтамасыз ету үшін 20 мың шақырым оптикалық-талшықты желілер тартылады. Осылайша 2,5 милионнан аса адам интернет мүмкіндіктерін емін-еркін қолдануына мүмкіндік тумақ. Бұл жоба 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асады. Биыл 105 мың халық тұратын ауылдарға тартылса, келер жылы 1 миллион 200 мың адамға қолжетімді болады. Ауқымды жобаға қазынадан 60 миллиард теңге бөлінген.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:

- 3,5 мың білім беру, денсаулық сақтау мекемелері және ауыл әкімдері сапалы байланысқа қол жеткізеді. Осылайша, ауылдағы ағайын жаңа цифрлық қызметтерге қол жеткізеді. Олардың арасында электронды мемлекеттік қызметтер, телемедицина, онлайн оқыту, электронды сауда және бұдан да көп артықшылықтар бар.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу