Шахтинск қаласындағы кітапханада заманауи білім беру орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтинск қаласындағы кітапханада заманауи білім беру орталығы ашылды

29.05.2018

Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласындағы Бұқар жырау атындағы  кітапханада заманауи білім беру орталығы ашылды. Мұндай орталықтарда әдеби шығармалардың қазақша және орысша аудармалары жинақталады.

Сондай-ақ, олардың басым дені оқырманға онлайн түрінде ұсынылады. Бұған қоса орталықтың кеңжолақты интернетпен, кітаптармен, жиһаздармен қамтылуына  жағдай жасалады. Ол үшін қаражат бюджеттен ғана емес, демеушілік көздерден де тартылады. Биыл облыс бойынша кітапханалар жанынан осындай 18 білім орталығын ашу жоспарланған.

Нұржан Жетпісбаев, облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы:

- Осындай интернетпен, заманауи оқулықтармен жабдықталған білім орталықтары облыстың барлық аудан мен қалаларында ашылатын болады. Бұл біріншіден, кітапты, әдеби шығармаларды дәріптеу болса, екіншіден, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін жасалып отыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу