Кедендік операциялар жеңілдетілмек
Биылғы Жолдауда ұлттық инновациялық жүйенің тиімділігі айтыла келе, технологиялық парктердің жұмысын жандандыру тапсырылды. Әсіресе, технопарктерде отандық ірі компаниялардың қосалқы өндірістерін орналастыру үдерісін жетілдіру міндеттелді.
Бұл өз кезегінде кеден органдарына кедендік рәсімдерді жеңілдету мен жылдамдатуды жүктеп отыр. Сондықтан Алматы қалалық Кедендік бақылау департамент ұжымы Ақпараттық технологиялар паркінде бас қосты. Өткен жылы мұнда 250-ден аса кедендік ресімдер жүргізілген.
Бүгін кедендік бақылаудан өткен тауарларды еркін экономикалық аймағында пайдалану мәселелері сөз болды. Биылдан бастап кеденшілер импорттық тауарларға кедендік ресімдерді жеңілдету үшін электронды жүйені енгізбек. Бұл кәсіпкерлерді қағазбастылықтан арылтып, жұмыстарын жеңілдетпек.
Игорь Тен, Алматы қалалық Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары:
Жаңа технологиялар өнеркәсіпті дамытуға және экспортталатын отандық тауардың бәсекелестігін арттыруға бағытталған. Бүгінгі ииновациялық технолологиялар паркінің өкілдерімен кездесу жүктелген міндеттерді оңтайлы шешуге толық мүмкіндік береді.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10