Басты Жаңалықтар Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты

Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты

Ресейдің Дубна қаласындағы Біріккен ядролық зерттеулер институтында қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер әзірлеуге үлес қосып жатыр. Бұл – «Говорун» деп аталатын жоғары өнімді есептеу жүйесі. Ол әлемдегі ең қуатты 500 суперкомпьютердің қатарына кіреді. Заманауи технология ядролық физика саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеулерді жеделдетуге мүмкіндік береді. Суперкомпьютердің есептеу қуаты күрделі математикалық модельдерді құруға, бөлшектердің өзара әсерін зерттеуге және молекулалық динамиканы талдауға қолданылады. Бұл ғылыми зерттеулердің дәлдігі мен тиімділігін арттыруға жол ашады. Қазақстандық ғалымдардың айтуынша, болашақта осындай суперкомпьютерді Қазақстанда да құру жоспарда бар.

Тимофей Смоляков, ғалым:

Біз эксперименттік жабдықтарды автоматтандыру жүйесіне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейміз. Бұл технология плазманы зерттеуге бағытталған. Ал суперкомпьютер осындай күрделі ғылыми зерттеулерді жүргізуге, үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге және есептеулерді жеделдетуге мүмкіндік береді. Болашақта мұндай технологияларды Қазақстанда дамыту отандық ғылымның әлеуетін арттырады.

Бөлісу