Басты Жаңалықтар Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды

Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды

Сайын Мұратбеков – қазақ әдебиетінің сыршыл проза шебері, ауыл өмірінің көркем шежірешісі. Қаламгердің 90 жылдығына орай Талдықорғанда «Жас жазушылар» байқауы өтті. Оны «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі ұйымдастырды.Шығармашылық сайысқа 50-ге жуық оқушы қатысып, шағын әңгімелерін ұсынды. Әдебиет саласының майталмандары үздіктерді анықтап, жас қаламгерлерді марапаттады. Сонымен қатар біртуар қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен шығармашылық мұрасын зерделеуге арналған ғылыми конференция өтті. Кездесуде әдебиет өкілдері жазушының ұлттық прозадағы орнын талқылап, туындыларының бүгінгі ұрпақ үшін маңызына тоқталды.

Малика Қанатқызы, байқау жеңімпазы:

Мен болашақта Сайын Мұратбековты зерттеуге тағы да шығармашылығын оқуға әлі де дайынмын. Өйткені біз Сайын Мұратбековтың шығармасын оқи отырып рухани дамимыз.

Бөлісу