Басты Жаңалықтар Астанада онкологтар бас қосты

Астанада онкологтар бас қосты

Онкология саласының мамандары Астанада бас қосты. Халықаралық конференцияда, АҚШ Онкологиялық қауымдастығының қатерлі ісікті емдеу туралы үздік баяндамаларын 300-ден аса ғалым талдаған. Жиынның маңызды бағыттарының бірі – ядролық медицинаны дамытып, елімізге тың технологияларды енгізу. Бүгінде Қазақстанда 200 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан. Оның 65%-ы 5 жыл және одан да көп уақыт өмір сүріп жатыр дейді мамандар. Бұл – жақсы көрсеткіш деп отыр.

Қуантқан Жабағин, ҚР ПІБ МО ауруханасы ядролық медицина орталығының бас маманы:

Иммундық препараттар болсын, таргеттік перпараттар болсын Қазақстанда 100%-дық деңгейде тегін беріледі. Ол әлемде 30% мемлекттердің қатарына кіреді, өйткені толыққанды қамтамасыз ететін мемлекеттер қатарына кіреді.

Мая Джугашвили, радиациялық онколог /Испания/:

Осындай конференциялардың арқасында біз онколоия саласындағы жаңалықтармен танысып, оларды іс жүзінде қолдануды үйренеміз. Сондықтан Қазақстандағы мұнай деңгейдегі шаралар дәрігерлерге әлемнің үздік мамандарынан теңдессіз тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Бөлісу