Басты Жаңалықтар «Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды

«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды

«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын барынша қорғауға арналған норма. Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, заңгер Мәди Мырзағараев осындай пікір білдірді.
Айта кетейік, ол осы ереженің Жаңа конституциямызға енуіне бастамашы болғандардың бірі. Сол заңның аясында қазір жауапты органдар күдіктіні ұстаған сәтте оның негізгі құқықтарын міндетті түрде түсіндіруі керек. Яғни ұсталған адамға оның не үшін айыпталғаны және қандай құқығы бар екені егжей-тегжейлі айтылмаса, тергеу заңсыз деп танылады.

Мәди Мырзағараев, Халық кеңесінің мүшесі:

Бұл енді, әрине адамға арналған қағидат ғой. Адамның құқығын неғұрлым қорғауға. Неғұрлым оны жоғары дәрежеде дәріптеуге арналған норма. Сондықтан, бұл норма ешкімнің қарсылығын тудырған жоқ. Мынау құқықтық процесте көрсетілгені бір бөлек, ал конституциялық деңгейде көрсетілген құқықтың жөні мүлде бөлек, оның алмағы да, салмағы да өте ауыр болады.

Бөлісу