Ахуалдық орталықтың жұмысы таныстырылды
Жолдағы жүк көліктерін тоқтатпай-ақ, оның ішіндегі тауардың салмағын анықтауға болады. Мұны мамандар автоматтандырылған өлшеу жүйесі арқылы біліп отырады.
Ақпарат алдымен Көлік және коммуникация министрлігіндегі ахуалдық орталығына келіп түседі. Егер жүктің салмағы белгіленген мөлшерден көп болса, иесіне арнайы нұсқаулық жіберіледі. Бүгінде нұсқаулықтардың саны 2500-ге жеткен. Қазынаға түскен айыппұлдың көлемі - 1 миллиард теңге.
Сондай-ақ, ахуалдық орталық стационарлық және бақылау бекеттерінің жұмысын қадағалайды. Орталық ашылған үш айдың ішінде заң бұзушылық фактілері 30 пайызға артып, жолдағы әкімшілік кедергілер азайған. Бүгін ірі жүк тасымалдаушылар осында арнайы келіп, мекеме жұмысымен танысты.
Әсет Асаубаев, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы:
Бүгінгі күні бізде 6 халықаралық дәліз бар. Соның төртеуінде осы жүйе орнатылған. Осы жылы біз тағы 18 жүйені орнату арқылы барлық 6 дәлізді қамтитын боламыз. Бұл өлшеу жүйелерінің негізгі мақсаты - жол төсемдерінің сапасын сақтап қалу.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03