Парламент депутаттары сенбілікке шықты

18.09.2017

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Елордадағы ықшам аудандардың біріне ағаш отырғызып, табиғаттың көркеюіне үлес қосты. Бұл игі шарадан Сенат депутаттары қалыс қалмай, белсенділік танытты.

Таңғы тоғыздан бастап қаланы көріктендіре түсті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин игі дәстүрді жалғастырып, қолына күрек алып, сенбілікке қатысты. Оның айтуынша, қаланың көркеюіне барлық адамдар бірдей үлес қосуы тиіс. Мәжіліс депутаттары, аппарат қызметкерлері, барлығы 100-ге жуық тал отырғызды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу