Парламент депутаттары каникулға шықты

30.06.2020

Пандемияға қарамастан Парламент депутаттары өткен сессияда 35 заң жобасына бастамашы болған. Олардың 12-сі қабылданған. Бүгін қос палата өкілдері бірлескен отырыста бас қосып, кезекті сессия жұмысын қортындылады. Депутаттар бұл сессиядағы өз жұмыстарына жақсы деген баға беріп отыр. Бесінші сессия барысында 3 бірлескен отырыс өткен. Қос палатаның қарауында 161 заң жобасы талқыланған. Олардың 86-на президент қол қойды. Осы сесияда қабылданған заңдардың арасында мұғалім мәртебесі, денсаулық кодексі, саяси партиялар туралы құжаттар бар.   

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу