Алматылықтар сенбілікке шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар сенбілікке шықты

12.04.2014
Алматылықтар сенбілікке шықты
Бүгін алматылықтар сенбілікке шықты. Күн жылынып, көктем келісімен қала көшелерін тазартып, көшет отырғызуға мегаполистен жылда 100 мыңнан аса адам шығатын. Игі іске биыл да қала әкімінен бастап, танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, спортшылар, студенттер мен оқушылардан құралған 130 мыңдай адам атсалысты.
 
Сенбілікте 5000-ға жуық ағаш егілді. Бір ғана Абай даңғылының өзіне 320 тал, 900 бұта егілді. Ал, қоқыстарды шығаруға 800-ге тарта коммуналдық қызметтің арнайы техникасы жұмылдырылды.
 
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:
Бұдан да үлкен мақсат – тұрғындарды, әсіресе, жастарды өзіміз тұратын ортаға, табиғатқа, қала тазалығына деген көңіл аударту. Сол үшін де бүгінгі сенбіліктің тәрбиелік мәні бар деп ойлаймын.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу