Кәсіпкерлер мүддесін қорғау күшейтіледі
Қарағанды облысында бизнесті дамыту мақсатында әкімшілік және әлеуметтік кедергілерді болдырмау үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «НұрОтан» партиясының филиалы бірлесіп жұмыс істемек. Бұл жөнінде екіжақты меморандумға қол қойылды.
Жаңа құжат негізінде тараптар құрған комиссия мүшелері аудан-қалаларда жұмыс істемек. Сөйтіп кәсіпкерлердің мүддесін барынша қорғап, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға ықпал етпекші.
Бизнес өкілдерінің алдынан шығып жататын кедергілер жеткілікті. Мысалға жер алу, қағазбастылықтан арылу, коммуналдық тарифтерді реттеу, ауыл кәсіпкерлеріне көңіл бөлу сынды бір емес бірнеше жылдан бері қордаланып келе жатқан мәселелер қатаң бақылауға алынбақ.
Ермек Әбілдин, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:
Бұл меморандум бойынша мемлекеттік органдарда кәсіпкерлердің құқығын бұзу жағдайын «НұрОтан» партиясының жетекшілігімен бірлесіп қарап, талдап, жұмыс істейміз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03