Бірыңғай коммуналдық кәсіпорын керек
Коммуналдық шаруашылықтың ой-шұңқырын зерттеп-зерделейтін бірыңғай кәсіпорын қажет. Әйтпесе, жылу мен жарық, су мен телефонға төлейтін тарифтерді түгендеп, нақты нәтиже шығару мүмкін емес.
Мұндай жаңа жүйе туралы ұсынысты бүгін Мәжілістің Әлеуметтiк-мәдени даму комитетiнiң көшпелi отырысында Дариға Назарбаева білдірді. 2011 жылдан бері электр, су, газбен жабдықталуды жаңартуға бағытталған инвестиция көлемі еселеніп жатса да, апаттар азаймай отыр.
Оған елдегі 800-ден астам коммуналдық кәсіпорынның өз бетінше, бір-біріне бағынбай дербес жұмыс істеуі себеп болса керек. Өйткені, қазірде бұл кәсіпорындардың әрбірі техникалық, инвестициялық мiндеттердi өзiнше шешіп жатыр. Сондықтан аталған салада бірыңғай саясат қажет. Сонда ғана коммуналдық шаруашылықта қордаланып қалған мәселелердің күрмеуі шешіледі.
Төлеутай Рақымбеков, Қазақстанның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылысы Ұлттық палатасының басқарма төрағасы:
Мақсат - тарифті көтеру емес. Модернизация жасау үшін, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жүйелерін, жабдықтарын жаңарту үшін, жаңғырту жұмыстарын өткізу үшін осындай қадамға барған жөн.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03