Қылмыс азаюы үшін мықты мамандар қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыс азаюы үшін мықты мамандар қажет

14.09.2017

Болашақ полиция құрамы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, әрі қайта даярлау - басты мақсат.

Бүгін Ұлттық ғылым академиясында ТМД аумағындағы Ішкі істер министрлігі академияларының басшылары бас қосып, осы мәселені талқылады. Ресей мен Беларусь, Қырғыз Республикасы мен Армения, Молдова сияқты елдерден арнайы келген Ішкі істер министрлігі, Жоғары оқу орындары қауымдастығының мүшелері бірнеше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Олардың шешілу тетіктерін қарастырды.

Ішкі істер органдары үшін кадрларды дайындау, қазір де өз өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан, бұл шаруамен бірігіп айналысу қажет. Басқосудың да басты мүддесі осы.            

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу