Елордада білім сапасын арттыруға негізделген екінші еуразиялық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада білім сапасын арттыруға негізделген екінші еуразиялық форум өтті

16.09.2019

Білім берудің жаңа моделі керек. Себебі біздегі қалыптасқан білім жүйесі тиімді жұмыс істемей жатыр. Жаңа заманның талабына сай емес. Ол үшін цирфрлық технологияны дұрыс пайдалану қажет. Бүгін Елордада білім сапасын арттыруға негізделген екінші еуразиялық форум өтті. Оған әлемнің жетекші мамандары арнайы келіп, цифрландыру арқылы трансформацияға қол жеткізудің тетіктерін талқылады. Форумда көтерілген мәселелер мемлекеттік бағдарламалардың қатарына енгізілуі тиіс. Сарапшылардың ұсыныстары білім министрлігіне жіберілмек. Негізгі аспект үш бағытта қалыптасуы керек деп санайды мамандар. Ол: ұстаз, оқулық және орта.

Саясат Нұрбек, Bts Digital білім беру жобаларының жетекшісі:  

Өкінішке қарай инфрақұрылым жағынан біз мектептерге, әсіресе орта мектептерге балаларға керекті көлемді ақша бөлмейміз. Бұл өте үлкен мәселе. Білім саласына қалған ақшаны қаржыландырдық. Сондықтан мықты ұстаз болса, мықты оқулық болса, мықты орта болса ақырындап барлық мәселе шешіледі.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу