Ветеринария саласына реформа қажет - мамандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ветеринария саласына реформа қажет - мамандар

04.11.2022

«Елімізде жылына 1200-ден астам ветеринар даярланады. Бірақ олардың тең жартысы өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді. Оған жалақының төмендігі себеп болып отыр», - дейді Cенат депутаттары. Жалпы бұл салада соңғы жылдары қордаланған мәселе көп. Атап айтсақ, ауылдық жерлерде ветеринарлық пункттер жоқ, болған күннің өзінде материалдық базалары әбден тозған.

Алматыда өткен көшпелі отырыста Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, депутаттар, ветеринария мамандары мен ғалымдар саладағы мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Жиында жылдан-жылға белең алып келе жатқан мал, құс ауруларының алдын алуға арналған шараларды күшейту, шетелден әкелінетін қажетті препараттарды өзімізде өндіру жайы сөз болды.

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қалай болғанда да біз ауылды жанданлыруымыз керек. Ветеринария қауіпсіздігі ол - елдің қауіпсіздігі. Елдің қауіпсіздігі ол - азық-түлік қауіпсіздігі. Әр облыс, әр қайсысы өздері әлі келгенше жасап жатыр. Бұны орталықтандырып шешу керек. Министрлік арқылы. Қаражат бөлінуі керек. Бәрі қаражатқа байланысты. Бұл кезек күттіртпейтін мәселе. Біз ветеринариялық қауіпсіздікке үлкен көңіл аударуымыз керек.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу