Тынық мұхитының АҚШ жағалауында сұр киттер популяциясы азайып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тынық мұхитының АҚШ жағалауында сұр киттер популяциясы азайып барады

29.06.2023

Тынық мұхитының АҚШ жағалауында сұр киттер популяциясы азайып барады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарымен салыстырғанда олардың саны күрт азайған. Бұған қорек көзінің азаюы, сонымен бірге адами фактор да ықпал етіп отыр. Дәлірек айтқанда, кемелермен соқтығысу, балық аулау торларына шырмалу киттердің санының қысқаруына әкеп соқтырған. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, соңғы кездері су жануарлары мұндай факторларға да бейімделе бастаған тәрізді. Өйткені киттердің балалары бұрынғыларына қарағанда сау әрі мықты болып дүниеге келіп жатқаны байқалады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу